Ел жаңалықтарына шолу
5 ауылға табиғи газ қосты
Жетісу облысындағы 5 ауылдағы 302 үй табиғи газға қосылды. Барлығы 52,8 шақырым құбыр тартылып, бір газ реттеу пункті және бес шкафтық газ реттеу пункті орнатылды.
Ел бойынша 24 млн тонна астық жиналады
Биыл ел бойынша 24 млн тонна астық жиналады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай есеп жүргізді. Отандық наубайханалар сегіз айда 325,5 мың тонна нан өндірді.
Медициналық скринингтен өту туралы хабарлама SMS арқылы келеді
19 қазаннан бастап медициналық скринингтен өту туралы хабарлама SMS арқылы келеді. Жүйе профиклактикалық тексеруден өтуі тиіс азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Сол хабарламаның негізінде азаматтар өздері тіркелген емханаға жүгініп тегін тексеруден өтеді.
Астанада мұз айдыны ашылады
Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын ерекше мұз айдыны ашылады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мұз жабынының жалпы ауданы 6 мың шаршы метр. Мұздың сапасын сақтау үшін арнайы тоңазытқыш жабдықтар орнатылып, мұз тегістейтін машиналар қолданылады. Мұз айдыны қарашаның ортасына ашылады.
Т.Анарбеков Конференция Лигасындағы үздік үш қақпақшы қатарында
Темірлан Анарбеков Конференция лигасының үздік үш қақпашысының қатарына енді. «Қайрат» клубының қақпашысы «Ригаға» қарсы алғашқы матчта пенальтиді қайтарып, командасының ұтылуына жол бермеді. Бұған дейін де айып добын қайтарудағы шеберлігімен көзге түсіп жүрген голкипер осылайша мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы