5 отандасымыз жарыс жолына шықты
V Азия пара ойындарының іріктеу бәсекелері басталды. Жапониядағы жаҺандық додада 12 спорт түрінде 150 отандасымыз жүлдеге таласады. Бүгін пара үстел теннисінің өкілдері жарыс жолына шықты. Бәсеке өтетін аймақтарға жету үшін параспортшылар жүздеген шақырымды еңсеруі тиіс. Әріптесім Азат Қадырбек Нагоядағы аламанның алғашқы күніне шолу жасайды.
Азат Қыдырбек, тілші:
2 млн 338 мың. Нагояда осынша халық тұрады. Бұл күншығыс еліндегі төрінші көрсеткіш. Индустриялдық аймақ. Зауыт пен фабрикалар көп. Жағалауда орналасқан бұл шаһардың тағы бір ерекшелігі: спорт нысандары қашық орналасқан. Мысалы, Шизуока деп аталатын аймаққа жету үшін 297 шақырымды еңсеруіңіз тиіс. Демек жарты күніңіз жолға кетеді. Мына картаға зер салсаңыздар, кей нысандар өзге префектураларда орналасқан.
Скай Холл Тойота спорт кешенінде бүгін жекелей сындағы пара үстел теннисінің іріктеу бәсекелері басталды. Топтық кезеңнің алғашқы айналымында 5 бірдей отандасымыз азулы қарсыластарға тап болды. Алтынай Ержанқызы 3 партияда аспан асты елінің өкіліне есе жіберсе, Ардақ Нұрмағамбетов Сауд Арабиясының пара спортшысына жол берді. Антонина Рогова Гонконг өкілінен жеңіліс тапса, Марат Сүртібаев жарыс иесімен иық тіресе өнер көрсетті. Жерлесіміз екінші сетте таразы басын теңестірген еді. Алайда жапониялық кіші ракетка шебері артынша қос партияны өз еншісін жазды. Ал құрамадағы тәжірибелі пара теннисшілердің бірі Александра Степанова арбаға таңылған спортшылар санатының алғашқы айналымында әлемнің 3-ракеткасына қарсы өнер көрсетті.
Ертең жерлестеріміз пара үстел теннисімен қатар боччада өз өнерін ортаға салады. Ал Азия пара ойындарының ашылу салтанаты 18 қазанға жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы