Басты Жаңалықтар Президент Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтаруға көмектескен Ресей мен БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс айтты

Президент Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтаруға көмектескен Ресей мен БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс айтты

Президент Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтаруға көмектескен Ресей мен БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтару жұмыстарына қолдау көрсеткені үшін Ресей Федерациясына және оның Президентіне, БҰҰ Даму бағдарламасына, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорына және басқа да халықаралық серіктестерге, үкіметтік емес ұйымдарға алғыс айтты.
Сондай-ақ биыл шілде айында жетпіс жылдың ішінде алғаш рет жолбарыс табиғат аясына жіберілгенін жеткізді. Бұл Қазақстан үшін маңызды оқиға болды.

Бөлісу