Басты Жаңалықтар Бүгін – Құтқарушылар күні

Бүгін – Құтқарушылар күні

Бүгін – Құтқарушылар күні. 1995 жылы құрылған арнайы қызмет бүгінге дейін мыңдаған адамды аман алып қалды. Қазір азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Тек жыл басынан бері 8 мың тұрғынды құтқарған. Тағы 9 мың адамды қауіпті аймақтардан шығарды. Елде жыл сайын 18 мыңнан астам табиғи және техногендік төтенше жағдай тіркеледі. Оның шамамен 12 мыңы – өрт. Мұндай  жүктеме құтқарушылардан кәсіби дайындықты, жедел әрекет етуді және кез келген жағдайға әзір болуды талап етеді. Сондықтан салада мамандардың біліктілігін арттырумен қатар, заманауи техниканы көбейтуге басымдық беріліп отыр. Кейінгі екі жылда Төтенше жағдайлар министрлігіне мың жарымға жуық жаңа құрылғы жеткізілген.

Бөлісу