Басты Жаңалықтар Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды

Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды

Франция қалаларында коменданттық сағат жарияланды. Білімі мен медицинасы тегін, жұмыс аптасы 35 сағаттан аспайтын елде неліктен сан мың дүкен тоналып, көшелер ойрандалды? Президент Эммануэль Макрон вандализм мен жаппай мародерлікті мұқият тергеуге тапсырма берді. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.

Франция үкіметі бірнеше қалаға коменданттық сағат енгізді. Сондықтан Париждің орталығы мен Марсель, Бордо, Лион, Ницада, Лилльде және тағы басқа елді мекендерде жастардың жүруіне шектеу қойылып, бір жерге жиналуына тыйым салынып жатыр. Бұл режим түнгі сағат 11-ден таңғы алтыға дейін сақталуы керек.

Себастьен Лекорню, Франйия премьер-министрі:

Түсінікті жағдай, осы оқиғаларды теледидардан көрген француздар «бүкіл елде бей-берекетсіздік» деп ойлауы мүмкін. Шын мәнінде олай емес. Бұл сөзім үшін кешірім сұраймын. Бірақ «хаос» жергілікті ғана сипат алып, қала орталықтарынан аспады. Осыған байланысты мэрлерге кешкісін ішінара коменданттық сағат енгізуді тапсырдым.

Айта кетсек, Францияда білім тегін болса да, жағдай жасауды талап еткен оқушылар демонстрациясы үлкен тәртіпсіздіктерге ұласты. Мародерлердің әрекетінен 3 мыңдай дүкен зардап шегіп, мыңға жуық тәртіп сақшысы жараланды. Мұндай жағдайға енді жол бермеу үшін көшелерге қосымша 60 мыңдай полиция қызметкері шығарылып жатыр.

Жан-Пьер Фаранду, Франция еңбек министрі:

Кәсібінен айрылғандардың жағдайы жанға батады. Олар бизнес жасап, жергілікті халыққа қызмет көрсетті. Мародерлердің әрекеттерін көру қандай ауыр десеңізші. Мұның демократиялық наразылыққа еш қатысы жоқ.

Қазір Париж жұрты көше тазалауға кірісіп кеткен. Үкімет басшысының мәлімдеуінше, әзірге тәртіп орнатуға коменданттық сағат режимі жеткілікті. Дегенмен Лекарнюдің сөзіне қарағанда, қажет болса, төтенше жағдай енгізілуі де мүмкін.

Бөлісу