Басты Жаңалықтар Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі

Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі

Ыстанбұлда өткен аптадағы жойқын селге себеп болған ғимараттар сүрілетін болды. Мұны қаланың губернаторы мәлімдеді. Соңғы 80 жылдағы ең қатты жаңбырдан соң мегаполистің кей аудандарында сел жүріп ондаған ғимарат пен көлік су астында қалды. Селге ағып кеткен 6 адам көз жұмды. Мамандар селдің себебін зерттей келе, бұған ескі өзен арналарының орнына заңсыз салынған ғимараттар себепші екенін анықтады. Бұл ғимараттар судың еркін ағып кетуіне бөгет болып, жаңбыр суының деңгейін көтеріп жіберген. Сондықтан өзен арнасына салынған 19 ғимаратты сүру туралы шешім қабылданды.

Дәуіт Гүл, Ыстанбұл қаласының губернаторы:

Селден зардап шеккен тұрғындарға бүгіннен бастап өтемақы төлене бастайды. Барлығы екі мыңнан аса баспана селден түрлі деңгейде зақым алған. Бұдан бөлек өзендердің арналарына салынған ғимараттарды бұзып, су жолдарын қайтадан қалпына келтіреміз.

Бөлісу