Ресей қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдейтін препарат тіркеді
Ресейде қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдеуге арналған препарат
тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған дәрі өңештің метастаздық
жалпақ жасушалы обырына, бас пен мойын аймағындағы қатерлі ісіктердің асқынған
сатыларына, сондай-ақ ми ісіктерінің кейбір түрлеріне қарсы қолданылады.
Олардың қатарында мидың қатерлі ісігінің агрессивті түрлерінің біріне қарсы да
әсер етеді. Препарат нысаналы терапияға жатады. Оның құрамындағы нимотузумаб
ісік жасушаларының өсуі мен көбеюіне қатысатын эпидермалық өсу факторының
рецепторына әсер етеді. Осылайша, ісіктің дамуына ықпал ететін белгілі бір
молекулалық механизмдерді тежеуге бағытталған. Препаратты әзірлеуге Кубаның Молекулалық иммунология
орталығы қатысқан.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14