Басты Жаңалықтар Елде су қоймалары көбейді

Елде су қоймалары көбейді

Жыл соңына дейін елде 2 су қоймасы пайдалануға беріледі. Жуырда тағы 3-еуі салына бастады. «Олардың аумағы үлкен болғандықтан, құрылысы да күрделі. Десе де, білікті мамандардың арқасында бұл жұмыстың бәрі соңғы үш жыл ішінде жоспардағыдай іске асты» дейді министрлік. Алдағы жылдары жаңадан 37 нысан бой көтереді. Су үнемдеу де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бір жылда 543 мың гектар жер арнайы технологиялармен қамтылды. Нәтижесінде ысырап болуы мүмкін 874 млн текше метр сақталды. 2030 жылға қарай су үнемдеу көлемін шамамен 2,2 млрд текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Зағи Утелов, Су ресурстары және ирригация министрлігінің департамент директоры:

Бүгінгі таңда 2026 жылы 2 су қоймасының құрылысы аяқталу сатысында. Олар 69 млн текше метр суды жинақтауға көмек береді және үш су қойманы жаңғырту жұмыстары толық аяқталды және де қалған су қоймалары бойынша тиісті жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп келесі 2027 жылдан бастап іске асырылатын болады.

Бөлісу