Әлем жаңалықтарына шолу
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
Франция үкіметі бірнеше қалаға коменданттық сағат енгізді. Париждің орталығы мен Марсельде, Бордода, Лион мен Ниццада жастардың жүруіне шектеу қойылып, бір жерге топ болып жиналуға тыйым салынды. Бұл режим түнгі сағат 11-ден таңғы алтыға дейін сақталуы тиіс.
Референдум: Альберта провинциясы Канаданың құрамында қалады
Альберта провинциясы тұрғындарының 76 пайызы Канададан тәуелсіздік алуға қарсы дауыс берді. Олар Альбертаның Канададан бөлінуі туралы референдум өткізу керек пе, жоқ па деген сұраққа жауап берген. Дауыс берудің ресми қорытындысы қазанның 29-да белгілі болады.
Трамптың рейтингі төмендеді
АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі рекордтық деңгейге дейін төмендеді. Жүргізілген сауалнамаға сай, Ақ үй басшысын халықтың қолдау деңгейі 33 пайызға дейін түскен. Америкалықтар президенттің саясатына, елдің жалпы даму бағытына, экономикалық жағдайға көңілі толмайтынын мәлімдеп отыр.
Жапония марстың серіктерін зерттеуге миссия аттандырды
Жапония Марстың Фобос және Деймос атты серіктеріне миссия аттандырды. Аппарат Фобостан топырақ үлгісін алып, 2031 жылы Жерге оралуы тиіс. Миссия мақсаты – Марстың екі спутнигінің пайда болуы және Күн жүйесі қалыптасуының ерте кезеңдері туралы түсінігімізді тереңдете түсу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы