Достастық мемлекеттер Кубогі Сочиде өткізілмек
Достастық мемлекеттер Кубогінің өткізілетін жері Санкт-Петербург қаласынан Сочиге ауыстырылуы мүмкін. «Фишт» стадионы бұл турнирдің өтуіне өте қолайлы орын, деп мәлімдеді Ресей Федерациясының Спорт министрі Виталий Мутко.
Соңғы төрт жыл көлемінде Достастық мемлекеттер Кубогі Санкт-Петербург қаласында өтіп келген.
«Достастық елдер Кубогінің өткізілу жерін Сочи қаласына ауыстыруға мүмкіндігіміз бар. Қазіргі кезде қалада бұл үшін барлық жағдай, «Фишт» стадионы бар. Бұл аймақ үшін бұл өте жақсы», - деді Мутко баспасөз өкілдеріне.
Достастық мемлекеттер Кубогі - бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің жастар құрамалары арасында 1993-ші жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнир.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06