Басты Жаңалықтар Өкпе обыры скринингке енеді

Өкпе обыры скринингке енеді

Келесі жылдан бастап 50 жастан асқандар өкпе обырына скринингтен өтеді. Ал қазір жасы 18-ге толғандар В және С гепатиттеріне тексерілуі тиіс. Сондай-ақ биылдан бастап 50 жастан асқан ер адамдарға инсульт пен ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтайтын цереброВаскулярлық скрининг енгізілді. Бұдан бөлек, жатыр мойны обыры, сүт безі және жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған тексерулер жүргізіледі. Ал жұмыс беруші қызметкерді скринингтен өту үшін үш жұмыс күніне дейін босатуға міндетті. Мамандар ауруды ерте анықтау үшін профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің маңызды екенін еске салады.

Айдана Желібаева, ДСМ медициналық көмек көрсету департаментінің бас сарапшысы:

20 жылдан артық темекі тартатындар немесе 15 жылдан кем темекіні енді қойған адамдар, созылмалы бронх өкпе ауруымен есепте тұратын адамдар осы скрингтік зерттеуге жатады. Жаңа скрининг өкпе обырын анықтауға арналған скрингтік зерттеу болып табылады. Бірінші пилоттық бағдарламада өтеді. Бұл 2027 ден 2029 жылға дейін атқарылады.

Бөлісу