Басты Жаңалықтар Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы

Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы

Қазақ үшін амандасу – әдептің басы, сыйластықтың белгісі. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге құрмет білдіру  – ұлттың қанға сіңген тәрбиесі. Алайда бүгінде амандасудың дәстүрлі үлгісі өзгеріп бара жатқандай. Әсіресе, жастар арасында құшақтасып, беттен сүйіп амандасу жиілеген. Ал этнолингвист маман , бұл қазақы тәрбиеге жат екенін айтады. Сондықтан, бұл мәселеге ерекше назар аударып, балаға амандасу мәдениетін ең алдымен отбасында үйрету керектігін  айтады.

Эльмира Өтебаева, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі:

Кіші үлкенге қарап бірінші сәлем берген. Ер адамдар қол беріп амандасқан, келіндер сәлем салса, әйелдер ізет білдірген. Міне, осының бәрі амандасу әдебі, ұлттық норма. Көп көріп жүрміз, ер адамдардың бір-бірімен жаңағы бет сүйісіп амандасуын да көріп қалып жатырмыз. Бұл енді біздің қазақ халқының әдеп нормасына жат қылықтың бірі. Ол бет сүйіп амандасу үлкен кісінің жас баланы сағынғанда келіп бетінен сүюі мүмкін.

Бөлісу