Басты Жаңалықтар Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді

Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді

«Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыру мақсатында Семейде «Мирас» сериясымен 35 томдық жинақ жарық көрді. Алғаш басылып отырған көптомдыққа қазақ зиялылары мен Алаш қайраткерлерінің ағартушылық бағыттағы еңбектері, балаларға арналған туындылар мен аудармалар енген. Жинақ үш бағытты қамтиды. Олар – «Жаратылыстану», «Әдеби аудармалар» және «Балаларға базарлық». Жинаққа Тұрағұл Абайұлы, Спандияр Көбеев, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлт қайраткерлерінің еңбектері енгізілген. Енді бұл еңбектер өңірдегі білім беру ұйымдарының кітапханаларына жол тартып, оқушылардың рухани қазынасын толықтырмақ.

Қарлығаш Әубәкір, филология ғылымдарының PhD докторы:

Бұл 35 кітап Алаш қайраткерлерінің 20-ғасырдың басында қазақ балаларына арнап жазған еңбектерінің таңдамалы жинағы деп айтсақ болады. Қазақ балаларының болашағы үшін, оқу-ағарту жолында үлкен бір мазмұнды шара деп есептейміз. Күллі қазақ жұртына, Алаш жұртына құтты болсын.

Бөлісу