Қытайдың 2022 жылғы Олимпиаданы өткізу жөніндегі өтінішін Ресей қолдайды
Қытайдың 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізу жөніндегі өтінішін Ресей қолдауға дайын, деп мәлімдеді Ресей Федерациясының спорт министрі Виталий Мутко. Ол Сочи Олимпиадасындағы Қытай үйінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Ресей үкіметіне тиісті тапсырма бергенін атап өтті.
Сочидегі Қытай үйінде Чжанцзякоу тау шаңғысы курортының үлгісі қойылған. Аталған курортта 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жоспарланған.
Қытайдың Қысқы Олимпиаданы өткізуге берген өтінішінде ерекшелік ретінде ұсынылғаны - олимпиадалық нысандарға қатынасатын көлік түрін жетілдіру. Бейжіңнен тау шаңғысы курортына бір сағатта жетуге болады.
Бейжіңмен қатар, 2022 жылғы Олимпиаданы қабылдауға Алматы (Қазақстан), Осло (Норвегия) және Краков (Польша) таласуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06