Бекжанов, Никиша және Симонова жарысты бастайды
Сочи Олимпиадасында бүгін шорт-трек жарыстары басталады. Ерлер арасындағы қашықтығы 1500 метр болатын шорт-трек жарысында Айдар Бекжанов пен Денис Никиша сынға түседі. Олар жарыс жолына Астана уақытымен 15:45-те шығады.
Төртінші айналымда сайысқа түсетін Айдар Бекжановтың қарсыластары - Шарль Амлен (Канада), Семён Елистратов (Ресей), Бенс Беренс (Венгрия), Эдуардо Алварез (АҚШ) және Максим Шатанье (Франция).
Бесінші айналымда жүгіретін Денис Никишаның қарсыластары - Франсуа Амлен (Канада), Нильс Керстхольт (Голландия), Тибо Фоконне (Франция), Сандор Лю Шаолинь (Венгрия) және Войцех Лудин (Чехия).
Ал әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта Инна Симонова жүгіреді. Іріктеу кезңі 16:30-да басталады. Қазақстандық спортшы оныншы айналымда жүгіреді. Бәсекелестері - Аюко Ито (Жапония), Мариан Сен-Желе (Канада) және Яра Ван Керкхоф (Голландия).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06