Соңғы 7 жылда 312 жаңа мәдениет нысаны салынды
Соңғы 7 жылда Қазақстанда мәдениет саласының инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. Ал 2019–2026 жылдар аралығында елімізде 312 жаңа мәдениет нысаны салынды. Сонымен қатар еліміздің үш өңірінде жаңа мәдениет ошақтары бой көтере бастады. Соның бірі Түркістан облысының Шорнақ ауылында салынып жатқан 500 орындық мәдениет үйі. Сауран ауданының орталығы саналатын ауылда 13 мыңнан астам тұрғын бар. Президент жарлығымен 5 жыл бұрын құрылған ауданда енді өз мәдениет үйі болады. Екі қабатты еңселі ғимараттың аумағы 2400 шаршы метрге жуықтаса, жалпы ауданы 1 гектардан асады. Нысан құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.
Ал Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылында тұрғын саны 3 мың 200-ден асса да мәдени шаралар өтетін нысан болмаған. Ауылдықтар мектептің аядай акт залын пайдаланып келеді. Ауыл халқының концерт көріп, мәдени тынығуына жағдай жасау 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Жаңа рухани орталықта 10-ға жуық үйірме ашылады. Көптен күткен ғимарат желтоқсанда айында пайдалануға берілмек.
Ал Атырауда 17 мың шаршы метр болатын Бейбітшілік және келісім сарайы салынып жатыр. Кешенде кітапхана, коворкинг, кинотеатр, хореография, конференц-залдар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы болады. Ғимараттың кіреберісі көзтартар ерекше болмақ.Биіктігі төрт қабаттық кеңістігі бейбітшіліктің символы – көгершіндер бейнесімен безендіріледі. Қазір нысанның алдын абаттандыру, ішкі әрлеу және жабдықтау жұмысы жүріп жатыр. Аталған барлық нысан өңірлердің мәдени өміріне жаңа серпін бермек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы