Басты Жаңалықтар Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр

Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр

Маңғыстауда да маусымдық инфекция жұқтырған балалар саны артқан. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тәулігіне 140–160 бала жүгінген. Дәрігерлер кейбір науқастардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілгенін айтады. Қазір бөлімшеде 136 бала емделіп  жатыр. Оның біразына қызылша диагнозы қойылған. Науқастар санының артуына байланысты қосымша 60 резервтік орын әзірленген.

Бөлісу