Бір аптада 133 мың адам вирустық инфекция жұқтырды
Елде бір аптада 133 мыңнан астам адам вирустық инфекция жұқтырды. Аураханаларда 8 мың 700-дей науқас емделіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы арнайы брифингте белгілі болды. Инфекция жұқтырған науқастарға жедел көмек беру үшін 1 жарым мыңға жуық арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Стационарларда 13 мыңнан астам орын дайын. Оның 4 жарым мыңы ересектерге, 9 мыңдайы балаларға арналған. Қажет болған жағдайда қосымша тағы 3 мың орын әзірленеді. Еске салайық, вирустық инфекцияларға қарсы вакцинацилау науқаны 1-желтоқсанға дейін жалғасады. Қазаннан бері 2 миллионнан астам тұрғын екпе алған.
Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:
Эпидемиологиялық маусымға 2 миллион 200 мың доза гриппол вакцинасы сатып алынды, вакцина құрамында Дүниежүлік денсаулық сақтау үйымдарының ұсынымдары ескеріліп, тұмау вирусының 3 түрлі нұсқасына қарсы компоненттер бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы