Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
Жаңа Азаматтық кодекс заң және тәртіп қағидатын нығайтуға берік негізі болады. Заңнама және құқықтық ақпарат институтың сарапшылары осылай дейді. Кодекс азаматтар мен кәсіпкерлер және инвесторлар арасындағы келісімдерді реттеуді көздейді. Яғни барлық тараптың мүддесін тең қорғауды қамтамасыз етеді.
Арман Батраханов, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты бөлімінің ғылыми қызметкері:
Орындалған жұмыстың көлемі мен сыйақы мөлшері қалай расталады? Қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда тұтынушы алдында кім жауапты болады? Бұдан бөлек, еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастардың аражігін ажырату мәселесі бар. Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастаманы қолдаймын. Цифрлық жұмыспен қамтудың дамуы кешенді құқықтық тәсілді қажет етеді деп санаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы