Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
Астанадағы Қуыршақ театры балаларға экологияны аялап, табиғатқа қамқор болуды ойын арқылы үйретті. Шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. 70-ке жуық бастауыш сынып оқушысы эко-ойында айналаға қоқыс тастамау керектігін үйреніп, қала тазалығына әр адам жауапты екенін ұқты дейді шара ұйымдастырушысы.
Қуат Ежембек, «Қуыршақ театрының» көркемдік жетекшісі:
Біздің негізгі жолымыз, форматымыз сол ойын түрінде өту, ол қуыршақтың айтқан сөзін бала жақсы қабылдайды, себебі қуыршақ оның досы, «Таза Қазақстанды да» сондай себеппен қойып отырмыз, баланы айналаңды таза ұста, үйіңді таза ұста, қоршаған ортаны таза ұста деп ауызбен айтсақ ол қабылдамауы мүмкін, ал бірақ ойын түрінде өткенде ол міндетті түрде қабылдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы