Басты Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласы маңында болған көлік апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың туған-туыстарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, Мысыр халқына қолдауын білдірді.

Еске салайық, бейсенбіде Мысыр астанасы Каир қаласының маңында жанармай тасымалдайтын жүк көлігі апатқа аударылып, өртенді. От бірнеше машинаны шарпыған. Салдарынан 31 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды. Мысыр президенті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жараланғандар мен марқұмдардың жақындарына көмек көрсетуді тапсырды.

Бөлісу