11-ші ақпанда Сочи Олимпиадасында жарысқа түсетін спортшыларымыз кімдер?
Олимпиада жүлделері үшін бірінші болып Ұлттық құрамамыздың шаңғышылары мықтылықтарын дәлелдеп көрмек. 16:00-де басталатын еркін түрдегі спринтерлік жарыста Татьяна Осипова және Елена Коломина ел намысын қорғайды. Одан кейін, сағат 16:25-те ерлер арасындағы спринтерлік біліктілік жарысына Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рагозин шығады.
«Адлер-Арена» мұзында конькиші қызымыз Екатерина Айдова 500 метр қашықтықта сынға түседі. Жарыстың бірінші кезеңі сағат - 18:45-те деп жоспарланған, екінші кезеңі – 20:35-те.
Шана спортында бір орындық шана сайысында Елизавета Аксенова сынға түспек. Жарыстың финалдық бөлігі 22:20-да басталады.
Біздің олимапиадашылар қатысатын жарыстың төртінші түрі – биатлон. Елена Хрусталева мен Дарья Усанова әйелдер арасындағы із қуалай жарысудан Сочи Олимпиадасының жүлдесіне таласып көрмек. Жарыстың басталуы – 21:00-де.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06