Абзал Рақымғалиев: Еркін бағдарламаны ұзақ таңдадым
|
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев Сочи Олимпиадасындағы бағдарламасын таныстырды. Ол қысқа бағдарламада блюз стиліндегі әуенге, ал еркін бағдарламада «Америкадағы бір күн» кинофильмінің музыкасына билейді.
«Қысқа бағдарламаға таңдау тез жасалды, ал еркін бағдарламаны ұзақ таңдадық. Өйткені, бұл маусымда салмақты тақырыпты алғым келді. Бірнеше нұсқа болды. «Америкадағы бір күн» кинофильмін қалдырдық. Бұл фильм маған ұнайды, оның үстіне музыкасы танымал», - дейді Абзал Рақымғалиев.
Айта кетейік, Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен бірге жаттығу өткізуде. Жігіттеріміз бүгін қысқа бағдарламада, ал ертең еркін бағдарламада мәнерлеп сырғанаудан сынға түседі.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06