Қыздар арасында бокстан ел біріншілігі өтуде
Орал қаласында қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарысқа 13 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан 186 былғары қолғап шебері қатысуда.
15-пен 18 жас аралығындағы бойжеткен боксшылар бас-аяғы 23 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетуде. Бұл жарыс дүниежүзілік додаға сұрыптау сыны болып саналады.
Сондықтан, барша аймақтың командалары біріншілікке тас түйін дайындықпен келген. Шаршы алаңдағы жекпе-жектер де тартысқа толы. Жақсы нәтижені қазір Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының құрамалары көрсетуде.
Болат Ниязымбетов, Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы:
Талантты бокшыларды іздеу үстіндеміз. Чемпионатта өте жақсы талантты қыздар көрінуде. Енді келесі жылы бізде осы жастар, жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Ал биыл Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дайындығымыз жаман емес.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06