Ердос Ахмадиевтың алғашқы бәсекесі
Бүгін Сочи Олимпиадасында 15 шақырымдық шаңғышылар сайысына Ердос Ахмадиев қатысады. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк Туын ұстап шыққан шаңғышы намысты қолдан бермеуге тырысады.
Өз елінің Туын ұстап шығу – әр спортшының арманы. Сонымен қатар, бұл міндет жауапкершілік жүктейді. Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынайтын спортшы спорттық карьерасындағы ең үздік нәтижені көрсетуге ниетті.
«Елімнің үмітін ақтауға тырысамын. Үш жыл бойы атақты шаңғышы Владимир Сахнов жаттықтырды. Дайындық кезеңін жарақатсыз өткіздім. Жарыс қорытындысы бойынша ондыққа енуді қалаймын. Дегенмен, Олимпиадада осал спортшылар жоқ», - дейді Ердос Ахмадиев.
Классикалық стильдегі 15 шақырымдық жарысты «KAZsport» телеарнасы 15:40-та тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06