Денис Тен: Бұл медаль – менің елімнің жеңісі
Сочидегі Олимпиада ойындарының жетінші жарыс күні Қазақстан қоржынына көптен күткен алғашқы жүлде түсті. Еліміздің үкілеп қосқан үміті, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жанкүйерлердің сенімін ақтады.
Қысқа бағдарламада тоғызыншы орыннан көрінген Денис Тен еркін бағдарламада еркін көсіліп, мұзайдында барлық элементтерді мүлтіксіз орындап шықты. Нәтижесінде 255,10 ұпайға иелік етіп, қос сайыс қорытындысы бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.
Денис Тен, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері:
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанғаныма әлі де сенер емеспін. Көп қиындықтарға төзіп, жарыс алдында жарақаттан айықтым. Бұл жетістік - еңбектің нәтижесі. Жеңісімді маған сенген бүкіл қазақстандықтарға арнаймын.
Фрэнк Кэролл, Денис Теннің бас бапкері:
Мен бақыттымын. Денис Тен дарынды мәнерлеп сырғанаушылардың бірі. Өте еңбекқор. Соның арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06