Олимпиада күнделігі
Тау шаңғы спортының жүлделері үшін таласқа түскен үміткерлер өз бәсекелерін аяқтады. Қазақстандықтар бұл сында жүлделі орындарға іліге алмады. Дмитрий Кошкин 30-шы, Мартин Хубер 40-шы, ал Игорь Закурдаев 44-ші нәтиже көрсетті. Чемпиондық атақты норвегиялық Хьетиль Янсурд жеңіп алды. Екінші орынды иеленген Эндрю Вайбрехт жеңімпаздан 0,3 секунд қана қалып қойды. Қола жүлдені америкалық Боде Миллер мен канадалық Ян Худек өзара бөлісті.
Ерлер арасындағы тұғырдан секіру сайысында Польша елінің өкілі Камил Стох Сочи ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Жапониялық Нориаки Касаи күміс жүлдені иеленсе, словениялық Петер Превц қола медальға қол жеткізді. Қазақстандықтар Алексей Пчелинцев пен Марат Жапаров алғашқы іріктеу кезеңінен өтпей қалған еді.
Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы эстафетада Швеция құрамасы Сочи ойындарының чемпионы атанды. Жарыс қожайындары - ресейліктер «күміс», франциялықтар қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Қазақстан атынан шыққан Денис Волотка, Сергей Черепанов, Евгений Величко мен Марк Старостин 13-ші орынға ие болды.
Марк Старостин, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Қолымыздан келгенінің барлығын жасадық. Бүгін үздік шаңғышыларымызға демалыс берілді. Өйткені, олар бірнеше күннен кейін спринтерлік эстафетадаға қатысады.
Олимпиададағы хоккей жарысында кезекті ойындар өтті. Ресей құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Словакияның хоккейшілерін буллит сериясында ұтты. Осылайша «А» тобында АҚШ 1-ші, ал Ресей 2-ші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06