Екатерина Айдова: «Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдіремін!»
Сочи Олимпиадасы аяқталуға жақын. Төрт жылда бір рет өтетін жарыста еліміздің конькимен жүгіру спорты құрамасы жүлдеге іліге алмады. Дегенмен өткен жылдармен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетті.
Ел үміт артқан спортшылардың бірі – қарағандылық Екатерина Айдова. Алайда конькимен жүгіруші Сочи мұзайдынында шеберлігін толық көрсете алмады.
«Олимпиада ойындарында толық бабымда келе алмадым. Жаттығу кезінде жарақат алдым. Оның үстіне Олимпиада алдында сырқаттанып қалдым. Дайындық жақсы еді. Бірақ кей сәттер үздік нәтиже көрсетуіме кедергі келтірді», - дейді спортшы.
Сонымен қатар, Екатерина Айдова қазақстандық жанкүйерлерге алғысын жеткізді.
«Қазақстаннан көптеген жанкүйердің келуі біз үшін тосынсый болды. Олар біз үшін алаңдап, қолдау білдірді. Сол үшін барлығына рақмет айтқым келеді», - дейді ол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06