Полторанин мен Чеботько финалға шықты
Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан командалық спринт бәсекесінің жартылай финалы аяқталды.
Қазақстан ерлер құрамасы «В» тобында жарысқа түсті. Алексей Полторанин мен Николай Чеботьконың жартылай финалдағы нәтижесі - 23 минут 28,50 секунд.
Олар өз тобында Финляндия, Ресей және Швеция құрамаларынан кейін төртінші келді. Дегенмен қазақстандық шаңғышылар финалға өтті.
Финалға Германия, Чехия, Финляндия құрамалары тікелей өтсе, Швеция, Қазақстан, АҚШ, Франция, Норвегия және Швейцария құрамалары уақыт бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, финалға шықты.
Финал бүгін 17:35-те басталады. «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06