Бразилияда доп додасы жалғасуда
Бразилияда үлкен футбол мерекесі жалғасуда. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлер өз командаларына барынша қолдау көрсетуде.
Жанкүйерлердің жиналатын негізгі орны - фанаттар аймағы. Мұнда нағыз футбол тойын сезіне аласың.
Әлемнің әр қиырынан келген футболсүйер қауымның түйіскен тұсы бұл. Бәрінің тілегі бір. Тамаша тартысқа куә болу.
Футбол үшін бірігіп, футбол үшін жаға жыртысуға да бар. Бірақ қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған.
Барлығы да қауіпсіздік қызметкерлерінің жіті бақылауында. Фанаттар аймағындағы қалың көрерменнің арасынан жапон жанкүйерлерін кезіктірдік.
Ю мен Айко, Жапония құрамасының жанкүйерлері:
Менің атым - Ю, қасымдағы - Айко. Біз өз құрамамызды қолдау үшін Бразилияға арнайы келдік. Олардан жеңіс күтеміз. Біз осы ойынмен қатар Натал қаласында Грекиямен өтетін матчқа барамыз. Ал, соңғы ойынды үйден тамашалаймыз. Біздің құраманың топтық кезеңінен шығатынына сенеміз. Маған Энданың ойыны ұнайды. Ал, мен Хонданы жақсы көремін.
Бұл нағыз фанат - АҚШ азаматы. Голландияда туып, кейіннен Сан-Францискоға қоныс аударған.
Футбол десе, жанын қиюға дайын. Нағыз фанат. Бразилиядағы Әлем чемпионатына бір жылдай уақыт дайындалған.
Голландия құрамасының айнымас жанкүйері. 1958 жылы шыққан мына көлікті мундиальға арнайы дайындап, мініп келген.
Бірнеше елді басып өтіп, Бразилияға бес айда жетіпті. Ондағы мақсаты – футболда шекара жоқ екенін және нәсілшілдікке жол жоқтығын жанкүйерлерге ұқтыру.
Бен, жанкүйер:
Егер сен футболды жан-тәніңмен сүйсең, Бразилияға келіп, Әлем чемпионатын тамашалаудан артық қандай бақыт бар?! Голландия құрамасына қолдау көрсетуге келдім.
Әлем чемпионатынан кейін Бен еліне жету үшін тағы бес ай бойы жолда жүреді . Жанкешті жанкүйерге біз де алғыс айтып, сәттілік тіледік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13