Футболдан ІІ республикалық жетім балалар чемпионаты аяқталды
Ақтық ойын Алматыда өтіп, Миланға аттанатын жеңімпаз команда анықталды.
Биылғы чемпионатқа республикадағы балалар үйлерінен 120 жасөспірім қатысты. Олар 20 топқа бөлініп, Кубок үшін таласты.
Өз аймағында үздік атанған 8 команда финалдық кезеңге өтіп, іріктеле келе Тараз бен Алматы облысының командалары ақтық сынға жолдама алды. Жетісудың «Барыс» тобы «Сұңқарды» 5:1 есебімен ұтты.
Ерік Сәрсенбаев, «Барыс» футбол командасының жаттықтырушысы:
Жарысқа ерекше дайындалдық. Өйткені, шетелге бару әр адамның қолынан келмейді. Балалардың бойына сенім ұялайды. Қуанышымызда шек жоқ.
Жеңген топқа арнайы Кубок пен бір аптаға Миланға саяхат сертификаты табысталды.
Жуырда «барыстықтар» әйгілі «Милан» футбол клубының ойыншыларымен кездеседі.
Әйгілі Кака, Балотелли Лермен жүздесіп, аяқдоптан шеберлік сабақтарын алады.
Жалпы, мұндай спорттық шараны «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.
Жұлдыз Омарова, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:
Биыл жаңашылдық енгіздік. 2 баланы таңдап, олимпиадалық резервке алады. Ол ертеңгі күні Туымызды жоғары көтеретін азамат болуы мүмкін.
«Арманыңа жақында!» әлеуметтік жобасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың еңсесін көтерді.
Спортқа жаңа қадам басқан жас өрендер «енді ел спортын, әсіресе, футболды дамытуға күш саламыз», дейді.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13