Астанада «Қайсар керуен» бұқаралық велошеруі өтті
Астанада мереке қарсаңында «Қайсар керуен» бұқаралық велошеруі өтті. Оған қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов те қатысты.
Идеяны құп көрген Олимпиада чемпиондары да бір-бір велосипедті тізгендеді. Веложарыс ұзақтығы 4600 метрге созылды. Қатысушылар бұл қашықтықты 30 минутта еңсерді.
Велошеруге барлығы 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында меценаттар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен эстрада жұлдыздары да бар.
Акцияға кез келген елордалық тұрғынның қатысуына мүмкіндік болды. Қайырымдылық шарадан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спортты дамытуға жұмсалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13