Нанкин Олимпиадасында БАҚ өкілдеріне барлық жағдай жасалған
Нанкин Олимпиадасында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, медиа-орталықта бір мезетте 180 адам жұмыс істей алады.
Әр мемлекеттен келген журналистер қажетті керек заттарын өздерімен бірге ала келген. Дегенмен, медиа-орталық, арнайы қажетті бағдарламалар орнатылған компьютерлермен де жабдықталыпты. Жұмыс уақыты кезінде 8 азамат кезекшілік жасап, журналистердің кедергісіз жұмыс жасауына көмегін тигізеді.
Сонымен қатар, бас медиа-орталықтан бөлек, жарыстар өтетін спорт ғимараттарында қосымша баспасөз бөлмелері жұмыс істейді. Мұнда барлық жарысты тікелей трансляцияда тамашалауға болады.
Ал, осы тартысты бәсекелерді қазақстандық жанкүйерлерге «KAZsport» арнасы көрсетуде.
Нұрсұлтан ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13