Қызылордалық жанкүйерлер Алмас Өтешовтің сайысын LED экраннан тамашалады
Бүгін ауыратлет Алмас Өтешов 17-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Спортшыны қолдау үшін жерлестері орталық алаңға жиналып, сайысты LED экраннан тамашалады.
Көпшіліктің арасында спортшының анасы мен жақындары да бар.
94 келі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған зілтемірші жұлқа көтеруде 175 келіні еңсеріп, алға шықты.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ