Германияның Дуйсбурк қаласында ескек есуден Әлем Кубогының екінші кезеңі басталды
Германияның Дуйсбурк қаласында ескек есуден Әлем Кубогының екінші кезеңі бастау алды. Әлемдік додаға Қазақстан құрамасы толығымен қатысуда. Бәсекеде жалпы саны 24 спортшы жарыс жолына шығып, ел намысын қорғамақ.
Спорттық шараның алғашқы жарыс күні мүмкіндігі шектеулі жандар сайысқа түсті. Бұл бағдарламада нақтырақ айтатын болсақ, 200 метрлік байдаркада ел намысын қорғаған Жалғас Тайкенов іріктеу сынында 6-шы, ал жартылай финалда 7-ші болып мәре сызығын кесіп, жарысын аяқтады. Жадыңызға салайық, былтыр Мәскеуде өткен Әлем чемпионатында Жалғас Тайкенов жартылай финалда 8-ші нәтиже көрсеткен.
Ал осы кезде Ұлттық құраманың мүшелері іріктеу сайыстарын бастап кетті. Ескек есушілердің жарысын «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азаматтардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі артып келеді
07.08.2026, 20:00
Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды
07.08.2026, 19:58
Мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 19:55
Трамп екі қаулыға қол қойды
07.08.2026, 19:53
Тамызда еңбек кодексі өзгереді
07.08.2026, 19:51
Мектеп формасына жаңа талап: Ата-аналар нені білуі керек?
07.08.2026, 19:48
Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау ұсынылды
07.08.2026, 19:47
Мемлекеттік білім грант иегерлері тізімі жарияланды
07.08.2026, 19:46