Басты Жаңалықтар Индонезияның Суматра аралында полиция басқармасына тағы лаңкестік шабуыл жасалды

Индонезияның Суматра аралында полиция басқармасына тағы лаңкестік шабуыл жасалды

Соның салдарынан бір тәртіп сақшысы қаза тауып, тағы екеуі жараланған.

«Рейтердің» хабарлауынша, терроршылар самурайлық қылыштармен қаруланыпты. Ал, біреуінің қолында жарылғышқа ұқсас зат болған. Олар бөлімше ауласына көлікпен басып кірген екен.

Полицейлер қаскүнемдердің төртеуін мерт қылып, қашып құтылмақшы болған біреуін қолға түсірді.

Айта кетсек, бұған дейін Сурабая қаласында скутерлерге мінген жанкешті-лаңкестер полиция бөлімшесінің жанында бомбаны іске қосқан еді.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу