Оралда «Экоquest» сайысы өтті
Оралда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Экоquest» сайысы өтті.
Жастар логикалық тапсырманы
орындай жүріп, өзен жағалауын күл-қоқыстан тазартты. Топ-топқа бөлініп,
викториналық сұрақтардың шешімін тауып, тұрмыстық қалдықтарды жинады. Іс-шарада
сайыстан бөлек, экологиялық еріктілер қозғалысы, жастар жобалары мен
бастамаларын қолдау мәселелері де талқыланды. Жастар айналаның тазалығына үлес
қосып әрі экологиялық сауатын арттырды.
Әлия Акрамова, волонтер:
Әр экологиялық мақсатта құрылған шаралардың барлығы адал ұрпақты тәрбиелеуге және жастардың тәлім-тәрбиесіне үлкен сеп болады. Өз еліміздің, Қазақстанымыздың дамуына неге атсалыспасқа?! Мен осындай акцияларға қатысуға әрдайым да қуаныштымын.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18