Басты Жаңалықтар Германияның батысында торнадо соғып, 2 адам жарақат алды

Германияның батысында торнадо соғып, 2 адам жарақат алды

Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінің тұрғындары аймақ үшін өте сирек табиғи құбылысқа куә болды. Мұнда 15 минуттай торнадо соққан. Құйыннан Дюссельдорфтан батысқа қарай орналасқан бірнеше елді мекен зардап шекті. Дүлей дауыл ондаған ағашты түп-тамырымен жерден жұлып алып, 50 шақты үйді қиратқан.

Желдің екпіні күшті болғаны сонша, үлкен фургонды көкке көтеріп, ол ағаштың үстіне құлады. Бұдан бөлек, екі адам зардап шеккен.

 Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу