АҚШ-та өткен аптада табылған заңсыз лагерьде балаларға қарудан оқ ату үйретілген
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында өткен аптада табылған заңсыз лагерьде балаларға қарудан оқ ату үйретілген. Кейін қылмыскерлер бұл балаларды мектептерде теракт жасау мақсатында пайдаланбақ болған. Бұған қоса, лагерь аумағынан кішкентай баланың мәйіті табылды. Марқұм осы жерде 11 баланы кепілде ұстаған қылмыскерлердің бірі Сираж Ибн Вахаждың жоғалып кеткен 3 жастағы ұлы болуы мүмкін. Заңсыз лагерьді полиция осы бүлдіршінді анасының өтінішімен іздеу кезінде анықтаған. Жалпы, осы іс бойынша 5 ересек - екі ер адам мен үш әйелдің ұсталғанын өткен аптада хабарлаған едік. Үш әйел осы лагерьде кепілде ұсталған 1 және 15 жас аралығындағы балалардың аналары болуы ықтимал. Олар қазір уақытша қамау орталығында отыр. Сонымен бірге, Вахаж қоғамға, құтқарылған балаларға қауіпті болғандықтан, сот оны кепіл ақшаға босатпауды талап етті. Онымен бірге балаларды қамауда ұстаған Лукас Мортон есімді сыбайласы да ұсталды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы