Басты Жаңалықтар Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар Орталық Азия елдеріне қатер төндіруі мүмкін

Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар Орталық Азия елдеріне қатер төндіруі мүмкін

Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар Орталық Азия елдеріне қатер төндіруі мүмкін. Оның үстіне, соңғы кездері бұл аймақтағы ДАИШ ұйымының белсенділігі де артып барады. Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы бірлескен штабының басшысы Анатолий Сидоров осылай дейді. Оның айтуынша, осындай түрлі халықаралық қауіп-қатермен күресу үшін әскери ұйым құрамындағы мемлекеттер күш біріктіруі керек және әскери жаттығуларды күшейту керек деді.

Анатолий Сидоров, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы бірлескен штабының бастығы:

- 2019 жылы «Әскери бауырластық» деп аталатын бірлескен жедел-стратегиялық жаттығу аясындағы іс-шараларды өткізуді жалғастырамыз. Жаттығу кезінде шартты түрде алынған әскери қақтығыстың алдын алу, оны тоқтату және бейбітшілік орнату турасындағы барлық кешенді жұмыстар жүргізіледі. Бірлескен жаттығуларды биыл Беларусь, Ресей және Тәжікстан елдерінің аумағында өткіземіз.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу