УЕФА-ның бұрынғы басшысы Мишель Платини қамауға алынды
Бүгін Францияда Еуропа футбол қауымдастықтары одағының бұрынғы басшысы Мишель Платини тұтқындалды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, УЕФА-ның экс-президенті 2022 жылы Әлем чемпионатын өткізетін елді таңдауда коррупцияға жол берді деген күдікпен ұсталса керек. Айта кетсек, бұл турнирді қабылдау құқығын Катар жеңіп алғаны белгілі. Алайда, ФИФА-ның тәуелсіз комиссиясы тергеу жүргізіп, чемпионат өтетін мемлекетті таңдауда жемқорлық фактілерін анықтай алмады.
63 жастағы Платини УЕФА-ны 2007-2015 жылдары басқарды. Содан кейін ол ФИФА-ның басшысы Йозеф Блаттерден 2 миллион швейцар франкі көлемінде пара алды деп айыпталды. Алайда, Платини де, Блаттер де өздеріне тағылған кінәні мойындаған жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18