Гонконгты үлкен саяси дағдарысқа ұрындырған заң «өлді»
Мұны бүгін осы арнайы әкімшілік ауданның лидері Кэрри Лам мәдімдеді. Оның сөзінше, жергілікті үкіметтің бұл ережемен жұмысы толықтай сәтсіздікке ұшырады. «Кейбіреулер биліктің шешіміне күмән келтіріп отыр. Алайда, қайталап айтамын, бізде ол заңды қабылдайтын жоспар мүлде жоқ», - дейді Гонконг басшысы. Айта кетсек, даулы заң қабылданып кеткенде, айыпты деп танылған гонконгтіктер Қытайға жіберілер еді. Бұған ашынған миллиондаған адам бірнеше апта бойы наразылық шеруіне шығып, жаңа ережені толық жоюды талап етті. Ұлыбритания Гонконгті Қытайға 1997 жылы қайтарды. Сол кезде қабылданған «бір мемлекет, екі жүйе» шарты бойынша Гонконг Бейжіңнің қол астында болғанымен, өз заңдарымен өмір сүруі тиіс.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12