Амстердамда 200-дей рейс тоқтатылып, мыңдаған турист әуежайда күтуге мәжбүр болды
Еуропаның үшінші ірі авиациялық терминалы – Амстердамның Схипхол әуежайында мыңдаған адам дітттеген жеріне ұша алмай отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, кейінгі бірнеше күнде мұнда 260-тан астам ұшақ сапары доғарылды. Бұндай жағдайдың қалыптасуына әуе машиналарына жанармай құю жүйесінің істен шығуы себепші. Осы келеңсіздік салдарынан талай лайнер аспанға көтеріле алмады. Дегенмен әуежай өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл проблема кеше шешілгенімен, ұшақтарды рейске аттандыру кестесін қалпына келтіру оңайға соқпай отыр.
Қазір демалыс маусымы қызып тұрғандықтан, бүгіннің өзінде Схипхол әуежайы арқылы 225 мыңға жуық жолаушы сапарға аттануы тиіс болған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12