Бразилиядағы әуежайдан бір тоннаға жуық алтын ұрланды
Бразилияда қаруланған төрт адам 40 миллион доллардың алтыны мен өзге де құнды металдарын ұрлап әкетті. Тонаушылар қымбат заттарды Сан-Паулудың Гуарулхос әуежайының жүк терминалынан алып кеткен. Сонымен қатар, ұрылар екі адамды кепілге алды.
Қара пикап мінген қарақшылар әуежайға полицейлерше киініп барған. Содан кейін олар жұмысшыларды автоматпен қорқытып, бағалы жүкті машиналарына тиеуге мәжбүрлеген.
Бетін тұмшалаған шабуылшылар екі жұмысшымен бірге 750 келі металды қайда әкеткені әзірге белгісіз. Қазір оларды іздеу операциялары жалғасып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сайлауға қатысуына жағдай жасалған
26.11.2026, 14:14
Жол құрылысы қатаң бақылауда
26.11.2026, 14:12
Талдықорғанда 4 мың адам тұратын жаңа қалашық салынып жатыр
26.11.2026, 14:10
«Құқықтық тәртіп» шарасы: 188 қару тәркіленді
26.11.2026, 14:08
Алматыда 5 адамды жалмаған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
26.11.2026, 14:07
Трамп 14 елге баж салығын енгізуді ұсынды
26.11.2026, 14:05
Банктер ипотека мен тұтынушылық несие таратуды азайтқан
26.11.2026, 14:03
Президент мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті
26.11.2026, 14:00