Румынияда 2 оқушы қыздың өлімінен кейін халық полицияның баяу әрекетіне қарсы наразылық білдіруде
Румынияда екі оқушы қыздың өліміне байланысты ондаған адам шеруге шығып, үкіметтің әрекетсіздігіне наразылық білдірді. Шерушілер "полицейлердің дәрменсіздігі адам өлтірумен тең" деп ұрандатып, билікті қоғамның әлжуаз топтарын қауіптен қорғай алмайды деп айыптады. Румыния президенті болса, елді дүрліктірген қылмыс үшін министрлер кабинеті де жауапты деп мәлімдеді. 15-жасар Александра өзінің ұрланғанын және қайда отырғанын төтенше жағдай қызметіне үш рет хабарлаған. Алайда полиция ол жерге 19 сағат өткенде, яғни Александра зорланып, өлтірілгеннен кейін ғана жеткен. Осы іске байланысты 66 жастағы азамат тұтқындалды. Ол биыл сәуірде Луизия есімді 18-жасар қызды да өлтіргенін мойындапты. 
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16