Гонконгте жүздеген мың адам шеруге шықты
Гонконгте ауқымды қарсылық акциясы өтіп, оған шамамен жарты миллиондай адам қатысты. Демонстранттар «Виктория» паркіне жиналған. Жергілікті полиция шеру тәртіпсіздікке ұласады деп қауіптеніп, оған рұқсат бермеген. Соған қарамастан жүздеген мың тұрғын митингіге қатысты.
Бұл акция маусымда қылмысты деп танылған адамдарды Қытайға экстрадициялау туралы заңға қарсы басталды. Даулы құжат қараудан алынып тасталса да, оппозиция оны мүлде кері шақырып алуды талап етіп жатыр.
Айта кетсек, Ұлыбритания Гонконгты Қытайға 1997 жылы қайтарды. Сол кездегі келісім бойынша, Бейжің бұл әкімшілік ауданның саяси және экономикалық құрылымын өзгертпеуге уәде берген еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16