Тегеран Вашингтонға мұнай кемесін шабуылдамауды ескертті
Гибралтар маңында шілденің 4-де тұтқындалған Иранның мұнай танкері босатылды. Ол қазір Грекияға қарай жүзіп барады. Осыдан бірер сағат бұрын Ислам Республикасының сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, АҚШ-тың бұл кемені басып алу әрекетінің зардабы ауыр болатынын ескертті. Танкер Еуропа одағының санкцияларын бұзып, Сирияға мұнай апармақ болды деген күдік бар. Вашингтонның мәлімдеуінше, ол АҚШ террористік ұйымдар тізіміне енгізген Иран Ислам революциясы сақшыларының корпусымен байланысты болғандықтан, тұтқындалуы керек. Алайда «Гибралтар соты Американың Тегеранға қарсы санкциялары Еуропа одағына жүрмейді» деп, танкерді еліне қайтару туралы шешім қабылдаған. 
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16