Президент Ақтөбедегі жылыжай кешенінде болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге жасаған жұмыс сапары кезінде «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешеніне барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Елбасы кешенді аралап, көкөніс өсіру технологиясымен танысты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыл шаруашылығын дамытудың өңірдегі негізгі бағыттары, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар туралы баяндалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен әңгімелесті.
Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми тәсілдерді қолданудың маңыздылығына айрықша назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы планета халқының көбейіп келе жатқанына байланысты аграрлық сала өнімдеріне ұдайы сұраныс болатынына тоқталды. Сондықтан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Президенті мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға, өндіріске жаңа технологиялар енгізуге және озық халықаралық тәжірибелерді игеруге шақырды.
Жабық жерде көкөніс өндіретін жылыжай кешені жалпы ауданы 3 гектар аумақта орналасқан. Жобалық қуаты жылына 1500 тонна көкөніс өндіруге лайықталған.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12