Республикалық бюджет қайда және қалай жұмсалып жатыр?
Республикалық бюджет қайда және қалай жұмсалып жатыр? 11 айда ел экономикасында оң динамика бар ма? Бүгін Үкімет отырысында осы мәселелер кеңінен талқыланады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Үкімет отырысы басталды. Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сүйенсек, өткен 11 айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға өскен. Атап айтқанда, тауарлар өндірісі 8,3 пайызға, қызмет көрсету 5,3 пайызға артқан. Тартылған инвестиция көлемі 18 трлн теңгеден асты. Қысқаша айтсақ, ЖІӨ-нің өсуіне өнеркәсіп, сауда және көлік салалары серпін берген.
Нақты көрсеткіштер мынадай. Бүгінгі отырыста республикалық бюджеттің атқарылу барысы да кеңінен талқыланады. Есеп беріледі. Қазынадан алынған әрбір тиынның қайда және қалай жұмсалып жатқаны белгілі болады. Сондай-ақ жиында еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі де қаралады. Бұған дейін Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев оңтүстік аймақтарда алдағы вегетация кезеңінде су тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертіп, Су ресурстары министрлігі судың «қара нарығын» жоюға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеуі тиіс екенін айтқан еді.
Читайте также
Все
Республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
29.11.2026, 10:15
Бүгін елімізде мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
29.11.2026, 08:00
ШҚО-да спорт кешені ашылды
27.11.2026, 20:27
Мәслихат сайлауына дайындық аяқталды
27.11.2026, 20:07
«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04