БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды
Батыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 18 адам құтқарылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Казталов, Тасқала, Ақжайық және Теректі аудандарында боран кезінде жолда қалған 15 ересек адам мен 3 баланы аман-есен үйіне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Кеше ақтүтек боран салдарынан бір республикалық және 3 облыстық маңызы бар жол учаскесі жабылды. Сондай-ақ құтқарушылар Сырым ауданы Көгеріс ауылы маңында қар құрсауында қалып қойған жүк көлігін шығарып алды. Жүргізуші құтқарушы қызметкерлерге алғыс айтты.
Читайте также
Все
Республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
29.11.2026, 10:15
Бүгін елімізде мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
29.11.2026, 08:00
ШҚО-да спорт кешені ашылды
27.11.2026, 20:27
Мәслихат сайлауына дайындық аяқталды
27.11.2026, 20:07
«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04